Берлускони Mediaset ісі бойынша 4 жылға сотталды

АСТАНА. 27 қазан. ҚазАқпарат - Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони өзінің Mediaset компаниясындағы алаяқтық әрекеттеріне байланысты 4 жылға сотталды, деп хабарлады РИА "Новости".

Берлускони Mediaset ісі бойынша 4 жылға сотталды

Айта кетейік, Mediaset ісі Берлусконидің қатысуымен атышулы сот үрдістерінің бірі болып табылады. Милан прокуратурасының пайымынша, Mediaset Италияда американдық фильмдерді көрсету құқықтарын басқа фирмалар арқылы, атап айтқанда Mediatrade және RTI арқылы сатып алып отырған. Оған қоса, кинопрокаттың бағасы айтарлықтай жоғары болған. Осылайша алаяқтық әрекеттер арқылы түскен пайда Швейцария мен Багам аралдарының банк есепшотына түсіп тұрған.