Берлускони «Руби ісі» бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды

АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат - Берлускони «Руби ісі» бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Берлусконидің өзі соттың үкімін оны саяси өмірден аластатуға әрекет деп атауда.

Берлускони «Руби ісі» бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Милан соты «Руби ісі» бойынша кәмелеттік жасқа толмағандардың жезөкшелігіне қатысы бар деп айыпталған Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускониді 7 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Ресей Жаңалықтар агенттігі жазып отыр.

Сонымен қатар, соттың шешіміне сәйкес, экс-премьер мемлекеттік лауазымдарға тағайындалу құқығынан өмір бойына айырылды. Берлусконидің өзі үкімнің жариялануына қатысқан жоқ.

Бұрынғы премьер-министрге қатысты сот процесі 2011 жылдың сәуір айында басталды. Тергеу оны 18 жасқа толмаған мароккандық Карима эль-Маругпен (лақап есімі «Руби») жыныстық байланысқа түсті деп айыптаған болатын.