05:12, 14 Наурыз 2014 | GMT +5
Берлусконидің хатшысы есірткі контрабандасымен ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Итальяның экс-премьері Сильвио Берлусконидің хатшысы ел астанасының әуежайында есірткі контрабандасына қатысы бар деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды РИА Новости Рейтер агенттігіне сілтеме жасап.
Федерика Гальярди (Federica Gagliardi) Римнің Фьюмичино әуежайында бейсенбі күні ұсталды. Полиция мәліметінше, әйелдің қол жүгінен 24 келі кокаин табылған. Гальярдиға қатысты жанжал 2010 жылы да елді бір дүрліктірген болатын. Онда жергілікті БАҚ оны Берлусконидің құпия көңілдесі деп атаған.