Бернар Казнев Францияның Премьер-министрі болып тағайындалды

ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Францияның ІІМ басшысы болған Бернар Казнев елдің жаңа премьер-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі Елисей сарайына сілтеме жасап.

Бернар Казнев Францияның Премьер-министрі болып тағайындалды

 «Үкімет басшысы Мануэль Вальс республика президентіне отставкаға кету туралы арыз жазды, Франция Президенті оны қабыл алды. Президент Бернар Казневті премьер-министр лауазымына тағайындап, жаңа үкіметті құруын тапсырды», - деп хабарлайды Франция Президентінің офисі.

Еске сала кетейік, кеше Мануэль Вальс 2017 жылы өтетін Президент сайлауына үміткерлігін ұсынуына байланысты ресми түрде отставкаға кететінін жариялады.