Бес адамның мәйіті жасырылған төрт көлік табылды

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Ресейдің Ставрополь өлкесінде бір тәулік ішінде бес адамның мәйіті жасырылған төрт көлік табылды.

Бес адамның мәйіті жасырылған төрт көлік табылды

Қаза тапқан бес адамның бәріне оқ тиген. Екі көліктің жанынан жарылғыш құрылғы табылған. Аймақта терроризмге қарсы операция режімі енгізілді, деп хабарлайды «Азаттық».

8 қаңтарда Киров ауданында мәйіттері бар екі автомобиль, сондай-ақ Предгорный ауданында да мәйіті бар бір көлік табылған. Жедел-тергеу тобы қызметкерлері оқиға орнына барған мезетте көлікке жақын жерде жарылыс болған. Бірақ жарылыстан ешкім зардап шекпеген.

Осы оқиғаларға қатысты "құқық қорғау орындары қызметкерлерінің өміріне қол сұғушылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ресей ішкі істер министрлігі мен Федералдық тергеу бюросының өлкедегі басқармалары оқиғаға қатысты түсінік бермей отыр.