Бес ай бұрын жоғалған екібастұздықтың денесі су каналынан табылды

ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Екібастұз қаласында 5 айдан астам уақыт бұрын із-түзсіз жоғалған 35 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
None
Фото: polisia.kz

«2 сәуір сағат 17.20 шамасында «Союз» саяжай қоғамы жанындағы теміржол көпірінің астында, Қ.Сәтбаев атындағы каналдан 2022 жылы 13 қазанда жоғалып кеткен 1988 жылы туған қала тұрғынының денесі табылды. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

Оқиға орнынан смарт-сағат пен жоғалған адамның атына ашылған Kaspi Gold карточкасы табылды. Мәйітті әкесі таныды», - делінген мәліметте.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша процесстік шешім қабылданатын болады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


Соңғы жаңалықтар