Бес айда 150 мыңнан астам ауыл халқы стационарды еркін таңдау құқығын пайдаланды

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 5 айы ішінде 150 мыңнан астам ауыл халқы стационарды еркін таңдау құқығын пайдаланды.

Бес айда 150 мыңнан астам ауыл халқы стационарды еркін таңдау құқығын пайдаланды

Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде өткен алқа мәжілісінде белгілі болды.

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізіле бастаған уақыттан бері ауылдың денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі 30 млрд. теңгеден 45 млрд. теңгеге дейін артты. Жалақының өсуі мен индексацияны есепке алғанда, өсім 52 пайызды құрады.

Санитарлық авиацияның республикалық үйлестіру орталығы 2012 жылдың І жарты жылдығында 350-ден астам ұшырылым жасап, 460 науқасқа дер кезінде көмек көрсетті.

«Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша қаулы қабылданып, онда министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне, комитеттеріне, сонымен қатар өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына ауылдардағы денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайту, ауыл халқын, оның ішінде қалаларға жақын орналасқан елді мекен тұрғындарын медициналық және амбулаториялық көмекпен қамтамасыз ету, науқастарға уақытында жедел медициналық көмек көрсету мақсатында көрші облыстар арасында өзара келісім жасау қажеттігі  атап көрсетілді», - делінген хабарламада.