Бес айдың қорытындысы бойынша инфляция 4,5 пайызды құрады - Е. Досаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық валюта бағамын түзетуден кейін инфляциялық процестерді жоспарланған дәлізде ұстап тұру үшін шаралар қабылданды. Осыған орай, ағымдағы жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша инфляция 4,5 пайызды құрап отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысының қорытындыларына арналған брифингте Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылғы сәуірде Үкімет Әлеуметтік-экономикалық саясаттың 2014 жылға арналған бiрiншi кезектегi шараларының жол картасын қабылдаған болатын. Министрдің айтуынша, Жол картасы 10 бағыт бойынша 67 іс-шарадан тұрады. Бүгінгі күні 38 іс-шара орындалды. «Жол картасын орындаудың негізгі нәтижелеріне келсек, ең алдымен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылды. Осыған орай, Ұлттық валютаның бағамын түзетуден кейін инфляциялық процестерді жоспарланған дәлізде ұстап тұру үшін шаралар қабылданды. Нәтижесінде ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша инфляция 4,5 пайызды құрады. Сонымен қатар, біз жылдың қорытындыда жоспарланған 6-8 пайыздық дәлізде инфляцияны ұстап тұра аламыз деп болжап отырмыз», - деді Е. Досаев. Бұдан бөлек, азық-түлік тауарларының тапшылығына жол бермеу үшін жергілікті атқарушы органдарға азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалануға барынша дербестік берілген