Бес баласын әкесі өлтірген болуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Р.Джонс бес баласын өзі өлтірген болуы мүмкін. АҚШ полициясы осындай болжам жасап отыр. Енді билік оған қатысты қылмыстық іс қозғамақ, деп хабарлады ВВС.
Рэй Джонс деген америкалықтың 1 жастан 8 жасқа дейінгі балаларының мәйіті Алабама штатындағы жол бойынан табылған. Джонспен әлдеқашан ажырасып кеткен балалардың анасы олардың жоғалып кеткенін осыдан бір апта бұрын хабарлапты.
Тергеушілердің болжамынша, балаларды Джонстың өзі өлтірген. Оқиға қалай және қашан болғаны әзірге анықталған жоқ.
Джонс Миссисипиде өткен сенбі күні тұтқындалды. Оның мәшинесінде жұққан қан белгілері болған. Ұсталғанда ол есірткі мас болған.