Бес институционалдық реформаның өзгерістері халық тарапынан кеңінен қолдау тапты - Мемлекет басшысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бес институционалдық реформа аясында ұсынылған өзгерістер халық тарапынан кеңінен қолдау тапты. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында мәлім етті.
None
None

Қазақстан Президенті елдің бұдан әрі дамуы үшін бес институционалдық реформаның маңыздылығын, оны нақты әрі жүйелі түрде жүзеге асыру үшін Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құрылғанын айтты. Мемлекет басшысы бес институционалдық реформа аясында ұсынылған өзгерістер халық тарапынан кеңінен қолдау тапқанын, оны өткен президенттік сайлау қорытындысы көрсеткенін атап өтті.

Мұнымен қоса, Нұрсұлтан Назарбаев отандық білім беру ісіндегі үштілділік туралы айта келіп, келешекте Қазақстан мектептің жоғары сыныптары мен университеттерде жаратылыстану ғылымдарын оқытуды ағылшын тілінде жүргізуге көшу ниетінде екенін атап өтті. Жалпы алғанда, білім саласында қабылданып жатқан шаралар Астанадағы қаржы орталығының жұмысына тартылуы мүмкін ағылшын тілінде сөйлейтін жастар қатарын қалыптастыруы тиіс.

Соңғы жаңалықтар