Бес қалада ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жексенбі күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бес қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 29 тамызда Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе, Атырау және Қостанай қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.