Бес қазақстандық боксшы WBA рейтингінің үздік он бестігінің қатарына енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA 15 салмақ дәрежесі бойынша жаңа рейтингін жариялады, оған бес қазақстандық былғары қолғап шеберлері енді, деп жазады sports.kz.
None
None

WBA нұсқасы бойынша Әлем чемпиондары қатарында қазіргі сәтте қазақстандық Бейбіт Шүменов (79,3 кг), Геннадий Головкин (72,5 кг) бар. Ал 13 наурыз күнгі жаңартылған нұсқасында тағы үш қазақстандық келесі позицияларға ие болды: Дмитрий Сартисон -76,2 кг салмақ дәрежесінде сегізінші санатта, Қанат Ислам - 69,8 кг салмақ бойынша он бірінші орында және Роман Жайлауов - 66,68 кг салмақ дәрежесі бойынша он бесінші орында.

WBA осы айдың үздік боксшысы ретінде оңтүстікафрикалық Хекки Бадлерді таныды.

Айта кетейік, ол 1 наурыз күні 47,6 кг салмақ дәрежесінде колумбиялық Карлуис Диасты бірінші раундта нокаутпен жеңіп, әлем чемпионы титулын жеңіп алған болатын.

Соңғы жаңалықтар