Бес қазақстандық жойғыш ұшақ Қытайдың Иньчуань әуежайына апаттық жағдайда қонды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бес қазақстандық жойғыш ұшақ Қытайдың Нинся-Хуэйск автономды өлкесінің солтүстік-батыс бөлігіндегі әуежайға апаттық жағдайда қонды, деп хабарлады www.scmp.com.
None
None

Оқиға демалыс күндері, Су-27 ұшақтарының бірінің экипажы механикалық олқылық жайында хабарлаған соң орын алды.

Әскери ұшақтар Ішкі Моңғол провинцияда өткен халықаралық лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулардан оралған. Алайда Иньчуань Хэду халықаралық әуежайында қонуға мәжбүр болды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Әуежайға қонған өзгелері - Ту-134, Ан-72 және екі Су-27 ұшақтары. Иньчуань әуежайына қону жөніндегі шешім төтенше жағдайлар орын алған кезді ескеріп жасалған жоспарға сәйкес қабылданды.

Сенбі күні Иньчуань әуежайы жабылуға мәжбүр болды. Бұл рейстердің кешігуі мен олардың кейінге қалдырылуын соқтырды. Интернетте тараған суреттегі - әуежайдың ұшу алаңындағы үш Су-27 жойғыш ұшағы.

Соңғы жаңалықтар