Бес мыңнан астам өзбекстандық қажылыққа барады

ТАШКЕНТ. 9 қараша. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Бес мыңнан астам өзбекстандық Сауд Арабиясына қажылыққа барады,

Бес мыңнан астам өзбекстандық қажылыққа барады

деп хабарлайды өзбек БАҚ-тары.

Өзбекстан мұсылмандары басқармасынан хабарлағандай, қажылыққа барушылар «Узбекистон хаво йуллари» ұлттық әуе компаниясының арнайы рейстерімен Сауд Арабиясына жеткізілді.

Басқарма Медине мен Мекке қалаларында қонақүйлерді жалға алып қойды. Қажылармен бірге құрамына дәрігерлер мен аспазшылар кірген жұмыс тобы еріп жүреді.