Бес өңірде үсік жүреді: Дүйсенбіге ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, түнде Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл болжанады, желдің екпіні 25 м/с артады. Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін. Қарағанды облысында тұман күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 23 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл болжанады, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысында найзағай, тұман, бұршақ күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Ақмола облысында кей жерлерде найзағай, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Түркістан облыстарында таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с артады.
Жамбыл облысында дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Павлодар облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі, желдің екпіні - 18 м/с.
Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде үсік күтіледі - 1-3 градус.
Қызылорда, Түркістан облыстарының жекелеген аумақтарында жоғары өрт қаупі сақталады.