Бес тіл білетін жас маман жас­тарға тіл үйретуді өзіне мақсат тұтқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Абылай хан атын­дағы Халықаралық қаты­настар және Әлем тілдері уни­верситетінің түлегі Әсем Таныс­бекова бүгінде қазақ тілінен бө­лек, орыс, ағылшын, поляк және испан тілдерін еркін меңгерген. Жас ма­ман көптеген шетелдік ком­пания­лар қыз­мет­ке шақырса да бармай, жас­тарға тіл үйретуді өзіне мақсат тұт­қан, деп жазады «Айқын» газеті.

Бес тіл білетін жас маман жас­тарға тіл үйретуді өзіне мақсат тұтқан

«Жер бетіндегі 2 миллиардқа жуық адам ағылшын тілінде сөйлесе, жылына 55 мыңнан астам пайдалы әдебиеттер шығады екен.

Ал негізгі ғылыми кітаптардың 33 пайызы ағылшын тіліне міндетті түрде аударылады. Осыдан-ақ, ағылшын тілін білетін адамның асығы алшысынан түсетінін пайымдай беруге болады. Бүгінде елімізде шетелден іздегені - ілім, көздегені білім болған жастардың қатары артып келеді», делінген мақалады. 

Олардың түгелі дерлік ағыл­шын тілін меңгеріп, тең жартысы қосымша тіл үйрену­де. Сондай жастардың бірі  Әсем Таныс­бекова «Ағылшын тілі - әлемдегі көп таралған тіл. Жастар еліміздің сыртқы саясаты мен экономи­ка­сын дамыту мақсатында мейлін­ше, тіл үйренгені дұрыс. Ал қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік мең­гер­гені абзал» дейді. Тек ағылшын тілін білу арқылы әлемдегі 2 мил­лиардқа жуық адаммен еркін коммуникация жасауға жол ашы­лады. Бизнес, туризм, ғылым, білім беру жүй­есі, интернет, кине­мото­графия және тағы басқа әлем­нің түрлі саласында ағылшын тілі қолданылып, көптеген әлем­дік жобалар, саяси кез­де­сулер мен жиындар, спорттық жарыстар мен олимпиадалар ағылшын тілінсіз өтпейтіні жасырын емес. 
2010 жылы Абылай хан атын­дағы Халықаралық қаты­настар және Әлем тілдері уни­верситетінің шет тілі фи­ло­логиясы маманды­ғына тү­­сіп, поляк тілін меңгерген Әсем Польша мемлекеті кон­сул­ды­ғы ұйымдастырған Jaka jest piekna Warszawa w lipcu («Шіл­дедегі Варшаваның әсем­дігі») бағдарламасы бо­йынша 3 апталық жолдама алады. Кейіннен осы өкілдік ұйымдастырған Jezyk i kultura Polski («Польшаның тілі мен мәдениеті») бағдарламасымен Варшава қаласына 6 айлық оқуға кетеді. Бұдан бөлек, Әсем универ­ситет қабырға­сында жүріп қосым­ша испан тілін үйренеді. 
Оқуын тәмамдап, елге кел­ген­нен кейін Польша мемле­кет­тік заң фирмасының еліміз­дегі бөлім­шесінде аудармашы болып қызмет атқарады. Уақыт өте еліміздің жастарына ше­тел­ден алған білімін үйрету ар­қылы, қазаққа пайдасын тигі­зуді ойлаған Әсем үш жыл­дан бері тіл үйрететін «Между­наро­дник» мектебінде поляк тілінен сабақ береді. «Жастар­дың тіл білуге деген ұмтылысы жоғары. Поляк тілін үйренуге келген бала­лар­дың тіл мең­геруге қабілеті, бейімі бар. Оқу­шыға ерте жастан тіл үй­рет­кеннің пайдасы зор. Жара­тылыстану және гуманитар­лық пәндерді бірден ағылшын тілінде оқыту қиындық туды­руы мүмкін. Дегенмен, қазақ балалары тілдерді меңгеруде жоғары көрсет­кішке ие» дейді педагог-маман. 
Бүгінде қазақ тілінен бө­лек, орыс, ағылшын, поляк және испан тілдерін еркін меңгерген жас ма­ман көптеген шетелдік ком­пания­лар қыз­мет­ке шақырса да, жас­тарға тіл үйретуді өзіне мақсат тұт­қан. «Арманым - бірнеше тіл біле­тін, сауатты жастардың қата­рын көбейту» дейді Әсем Таныс­бекова. 

 

Асыл ТҰМАР