Бес турист мінген тікұшақ із-түзсіз жоғалып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бортында бес турист және ұшқыш болған тікұшақтың байланысқа шығуы сап тиылған, деп хабарлайды жергілікті El Caribe.com басылымы.

Бес турист мінген тікұшақ із-түзсіз жоғалып кетті

Тікұшақ Доминикан республикасының солтүстігіндегі Пуэрто Плата курортынан елдің оңтүстігіне орналасқан Ла Романа қаласына бет алған.

Алдын ала ақпаратқа қарағанда, ұшақ құлаған.

Азаматтық авиация министрлігінің өкілі басылымға іздеу-құтқару операциясы басталғандығын айтты.

Іздеу шараларына Доминиканның әскери-әуе күштері қатысуда. Сондай-ақ екі тікұшақ, Aeroambulancia компаниясының түнде көру приборларымен жабдықталған  жедел медициналық  жәрдемі  тартылған.

Әзірге із-түзсіз жоғалған туристердің қай елден келгендігі хабарланбай отыр.

Алдын ала болжам бойынша, тікұшақ Ла Роман аумағындағы теңіз жағалауына құлаған.