Бес уақыт намаз адамның қартаюын тежейді

АСТАНА. 25 тамыз. ҚазАқпарат - Аллаға жалбарынып, бес уақыт оқылатын намаз адам ағзасында уайым-қайғыға бой алдыртпайтын серотонин гормонын бөлуге септігін тигізеді, деп хабарлайды muslim.kz сайтынан.

Бес уақыт намаз адамның қартаюын тежейді

Сонымен қатар, ғибадат кезіндегі қимыл-қозғалыс қан айналымын жақсартып, теріні жасартады. Ахмет Арслан есімді эстетикалық және пластикалық отаның маманы timeturk.com басылымының тілшісіне өз ойын осылай білдірді.

Профессор намазды қартаю процесімен күресудің тиімді тәсілдерінің бірі ретінде атап отыр. «Әсіресе, әйел жұрағаты әжімді кетіру үшін немесе құлын мүшесін бұзбас үшін қымбат дәрі-дәрмек сатып алып жатады я болмаса ақша шығарып, жаттықтырушы жалдайды. Сыр-сымбатын сақтап қалу үшін ауызындағысын жырып беруге даяр тұратын олар Аллаға құлшылық етудің адам жаны мен тәніне қаншалықты пайдалы әрі шипалы біле бермейді», - деді ол өз сөзінде. Бұл жайында УММА ақпарат агенттігі хабар таратты.

Сарапшы намаздың жағымды әсері дәрет алудан басталатынын жеткізді. «Мойын мен шынтақты, аяқты суық сумен шайғанда тері қабатындағы қан айналымы жақсарады. Әжімнің түсуіне себеп болатын ерекше жасушалардың көзі ашылады», - деді ол сөзін сабақтап.

Бұған қоса, профессордың айтуынша, құлшылық кезіндегі қимыл-қозғалыс адамның сергек жүруіне септігін тигізеді. Артроздың алдын алып, буынға тұз жиналудан сақтайды. Күнделікті намаз дене еңбегімен айналыспайтын адамдар үшін өте пайдалы.

Оташының пікірінше, Аллаға жалынып-жалбарыну кезінде адамның көңіл күйі жақсарып, өмірге сүруге деген құштарлығы артады.