Бес жасар қыз жарты жыл бойы мұрнындағы түйреуішпен жүрген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алты ай бойы АҚШ дәрігерлері бес жастағы Хлои Расселдің тұмаурату себебін анықтай алмаған.
Қыздың анасының айтуынша, Хлоиді 3 дәрігер қараған. Олардың барлығы қыздың мұрнына инфекция түсті деп айтып, түрлі антибиотиктер жазып берген. «Жарты жыл бұрын қызымда тұмау пайда болды. Оның мұрнынан жасыл түстес жағымсыз иісі бар сұйықтық тоқтамастан ағатын болды», - дейді анасы. Анасының айтуынша, дәрігерлер берген антибиотиктер қызға еш көмегін тигізбеген.
Бір күні отбасына Хлоидің ағасы келеді. Ол қызды қатты сіңбіруге мәжбүрлейді. Сол кезде қыздың мұрнынан 4 сантиметрге жуық түйреуіш шыққан. Холидің айтуынша, түйреуішті ол ойын кезінде мұрнына тығып алып, кейін анасына ол туралы айтуды ұмытып кеткен екен, деп жазады шетелдік БАҚ.