Бес жүзден аса жас сарбаз Әскери ант қабылдап, Отан қорғаушылар қатарына қосылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Салтанатты шара 1995 жылы сәуірдің 7-сінде тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік борыштарын өтеу кезінде қаза тапқан Ішкі әскерлер сарбаздарына арнап орнатылған Ерлік аллеясындағы ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қоюдан басталды.
Аталмыш рәсімге ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің Қолбасшысы генерал-майор Руслан Жақсылықов, Ұлы Отан соғысының және басқа да соғыстардың ардагерлері қатысты.
Ішкі істер министрі Серік Баймағамбетов Ішкі әскерлердің тәуелсіздік алған алғашқы күндерден бастап, конституциялық құқық пен мемлекет қауіпсіздігін күзетіп, өз істерін абыроймен атқарып жүргендерін ерекше айта келе, «Ішкі әскер сарбаздары алдағы уақытта да әскери антқа адал болып, халық пен Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндіктеріне сенемін», деді.