Бес жылда 5 мыңнан аса орыс тілді жастар қазақ тілін үйренді - Юрий Бунаков

МАТЫ. 25 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Орыс тілді жастардың арасында қазақ тілін үйренуге деген ынта жылдан жылға артып келеді.
None
None

Бес жылда 5 мыңнан аса орыс тілді жастар қазақ тілін үйренді. Бұл туралы бүгін Алматыда «Тіл - халық жанын танудың кілті» атты орыс жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің V республикалық байқауында Қазақстандағы орыс қауымдастығының басшысы Юрий Бунаков мәлім етті.

Оның айтуынша, оған бес жылдан бері өткізіліп келе жатқан орыс жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің байқауы дәлел бола алады.

«Республикалық байқауға дейінгі аудан, облыстарда өткен іріктеулерге әр өңірдің өзінде 100-ден аса қазақ тілін білетін орыс жастары қатысып келеді. Барлығын қосып санағанда, бүгінде қазақ тілін білетін жастардың саны қаншалықты екендігін байқауға болады. Олардың қазақ тіліне деген ынталары мен отансүйгіштігінің жоғарылығы бүгінгі байқаудың бірінші номинациясында байқалды»,-деді ол.

«Қазақстанда тұратын әр ұлт елдің негізгі тілі - мемлекеттік тіл, қазақ тілін құрметтеуі керек. Мен қазақ тілін білу - біздің әрқайсымыздың парызымыз болуы керек деп санаймын. Өйткені, мен қазақстандықпын. Мен өзім орыс сыныбында оқимын. Қазақ тіліне қызығушылығым бірінші сыныптан басталды, сол жылдан бастап қазақ тіліне байланысты түрлі байқауларға қатысып келемін»,-дейді Көкшетаудан келген қатысушы Ольга Рычкова.

Соңғы жаңалықтар