Бесік арбаның ішінен 1,5 келіге жуық гашиш шықты

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда қазақстандық шекарашылар Ауғанстан мен Ираннан келетін, оның ішінде Кавказ аумағындағы елдердің шекарасы арқылы Ұжымдық қауіпсіздік ұйымына қатысушы елдердің, Кедендік одақ мемлекеттерінің аймағына өтетін есірткі арналарының жолын кесуге арналған «Канал - Кавказ» деп аталатын есірткіге қарсы іс-шарасына белсенділікпен қатысуда. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлайды.
None
None

Соның нәтижесінде, таяуда «Мерке теміржол» шекаралық бақылау отрядына қарасты «Мерке» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары «Бішкек - Екатеринбург» бағытындағы жолаушылар пойызын арнайы иттің көмегімен тексеру кезінде балаларға арналған бесік арбаның ішінен полиэтиленді пакетке оралған өзіндік иісі бар қарақошқыл затты тапты. Зерттей келгенде оның 1 келі 385 гр. болатын гашиш екендігі анықталды.

Осы іс бойынша 1960 жылы туған Қырғызстан азаматы ұсталды. Сараптама өткізіліп, ҚР ҚК 250-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалатын болады.

Соңғы жаңалықтар