Бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды – Қостанай облысы

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 4 жасар бала бесінші қабаттағы терезеден құлап кетіп, аман қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды – Қостанай облысы

Ақпаратты облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға 20 шілде күні сағат 23:00 шамасында Жітіқара ауданында болған.

«4 жасар бала бөлмесінде жалғыз отырған. Бұл уақытта ата-анасы көрші бөлмеде жүрген. Бала терезеге шығып, москит торынан ұстап тұрады. Кенет тор үзіліп кетіп, бала төменге құлап кеткен. Қазір бала Жітіқара аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланған» делінген ТЖД хабарламасында.