Бесінші қабаттан құлаған екі жасар қыз аман қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астраханьда екі жасар қыз бесінші қабаттан құлап, аман қалды. Бұл туралы РФ Астрахань облыстық тергеу комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тергеушілер 29 маусым күні кешкісін екі жасар қыз терезенің алдына шығып, москитті сетканы басып қалған. Бекіткіш баланы көтере алмай, бүлдіршін бесінші қабаттан жерге құлап кеткен. Қуанышқа орай, бала тірі қалды.
«Бүлдіршін ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оған қабырғасы мен иығы сынды және өкпесіне зақым келген деген диагноз қойды», - деді баспасөз қызметіндегілер.