Бесінші шақырылған Парламент Мәжілісі жасақталды - ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов
АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов кезектен тыс сайлауда сайлаушылардың басым дауыстарын жинаған 3 партия мен Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған бесінші шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттарына омырауға тағатын белгілерді табыс етті және депутаттарды жаңа қызметтеріне кірісулерімен құттықтады.
«Осы сәттен бастап, сіздер Парламент Мәжілісінің толыққанды мүшесісіздер. Ал депутаттардың куәліктеріне келетін болсақ, біз оларды ертең осы Орталық сайлау комиссиясында немесе Парламентте табыс етеміз», -деді ОСК төрағасы.