Бесінші шақырылым барысында сенаторлар биліктің басқа тармағына 183 депутаттық сауал жолдады - Сенат спикері

None
None
АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Бесінші шақырылған Парламент сессиясы барысында сенаторлар 183 депутаттық сауал жолдады.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатында бесінші шақырылған Парламенттің бірінші сессиясының қорытындысы бойынша өткен брифингте палата спикері Қайрат Мәми осылай мәлім етті.  

«Сессия барысында Ата Заң өкілеттігі аясында Сенат депутаттары халықтың әлеуметтік ахуалына әсер ететін мәселелерді шешуге белсенді түрде қатысты. Бұл мақсат үшін Премьер-Министрге, мемлекеттік органдар мен мекемелердің басшыларына 183 депутаттық сауалдар жолданды. Олардың басым көпшілігі бойынша тиісті шешімдер қабылданды», - деді Қайрат Мәми.  Содан соң, спикер сессия кезінде Сенаттың ерекше қааруына жататын мәселелер де талқыланғанын атап өтті. Мәселен, осы уақытта Сенат Жоғарғы Соттың судьяларын сайлап, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелерін тағайындады.

«Жоғары заң шығарушы органның халықаралық қызметі парламенттік дипломатия беделінің арта түскенін де айғақтайды. Әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті, мәдениет пен діндердің жаһандық диалогын дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекет басшысының бастамаларын іске асыруға Сенат қомақты үлес қосты», - деді Қайрат Мәми.

 

Соңғы жаңалықтар