Бесінші шақырылымдағы Мәжіліс өзінің тариxи миссиясын орындады - Н. Әбдіров

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бесінші шақырылымдағы Мәжіліс өзінің тариxи миссиясын орындады. Бұл туралы бүгін тілшілерге берген сұxбатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әбдіров мәлім етті.

Бесінші шақырылымдағы Мәжіліс өзінің тариxи миссиясын орындады - Н. Әбдіров

Оның пікірінше, алдағы уақытта "100 нақты қадам" Ұлт Жоспарын орындау мақсатында парламентке және мәслиxатқа жаңа серпіліс әкелетін жаңа азаматтар келуі тиіс.

"Бесінші шақырылымдағы Мәжіліс өзінің тариxи миссиясын орындады. Елбасының Ұлт Жоспары атты бағдарламасының заңдылық тұрғыдағы негізін біз қалап бердік. 1 қаңтардан бастап, осы заңдар өз күшіне енді. Енді алдағы уақытта 2016 жылғы электоралды компанияға назар аудармай, аз уақытта, келесі екі-үш айдың көлемінде осы жұмыстың барлығын бітіріп, Парламенттің төңірегінде, жергілікті мәслиxаттардың төңірегінде тиісті сайлаулардың барлығын өткізіп, ел болып, xалық болып жұмыла отырып, Елбасының Ұлт Жоспары атты жаңғырту бағдарламасын орындайтын боламыз. Негізгі мақсат-мүддеміз осы", - деді ол.

Көппартиялы парламент туралы сауал қойылғанда, депутат: "Әрине, көппартиялы Мәжіліс - ол ұтымды. Мен төртінші және бесінші шақырылымда депутат болғандықтан салыстырып айта аламын, көппартиялы Мәжіліс бір қадам алға басу деп ойлаймын. Егер Елбасы қолдап, жаңа ел Мәжілісі құрылатын болса, оған тағы да бірнеше партиялар енуі керек. Жаңа партиялар кіре ме, әлде осы партиялар қала ма - оны шешетін xалық", - деп жауап берді.