Бескөл аулында мал соятын қосын ашылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - «Загот Интер» ЖШС ашқалы тұрған мал сою қосыны - өңiрiмзде осымен екiншi орын. Мұнда 30-ға жуық адам еңбекпен қамтылмақ. Аймағымыз астықты және мал шаруашылығына бейiм болғандықтан бол жоба өте тиiмдi дейдi Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты Омархан Өсiкбаев.
None
None

Омархан Өксiкбаев - ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты:

- Шағын және орта бизнестi қолдау - Елбасының саясаты. Бұл бақыт өңiрде жақсы қолға алынуда. Ол үшiн барлық жағдайлар жасалған. Өткен жылы ел бойынша шағын және орта бизнестi дамытуға Ұлттық қордан 800 млрд теңге бөлiндi.

Бұдан соң Мәжiлiс депутаты Омархан Өксiкбаев пен «Загот Интер» серiктестiгiнiң директоры Шуми Исаков жаңа нысанның таспасын салтанатты түрде қиды. Қосынның iшiнде заманауи қондырғылар орнатылған. Еттi салқындатуға арналған 8 камера бар.

- Бұл - малдың бөлшектелген етiн салқындатуға арналған тоңазытқыш. Камераның сыйымдылығы - 162 текше метр. Мұнда 18 тоннаға дейiн ет сыяады.

Қосында көрсетiлетiн қызметтiң құны - келiсiне 35 теңге. Мұнда жылқыдан бастап ұсақ малға дейiн сойылады. Нысанды ашу үшiн кәсiпкер Шуми Исаков «Бизнестiң жол картасы-2020» мемлекеттiк бағдарламасына жүгiнiп, 7 пайыздық үстемақымен несие рәсiмдеген.

Шуми Исаков - «Загот Интер» ЖШС директоры, Қызылжар ауданы:

- Бұл пункттiң өндiрiс қуаттылығы бiр ауысымда 80 бас iрi қара, 60 бас жылқы, 120 бас ұсақ қара мал мен 100 бас шошқаны қабылдауға жетедi. Жобаның құны - 2 млн 400 мың доллар. Алдағы уақытта бiз еттi тереңдетiп қайта өңдеу iсiн қолға алмақпыз. Яғни, шұжық, деликатес жасаймыз. Қондырғылардың барлығы автоматтандырылған.

Малды сою автоматты түрде жүредi. Төрт-түлiктi тоқ беру арқылы жанын шығарып алады. Оған салмағына байланысты тоқтың қуаты ұлғайтылып отырады. Жалпы Үкiмет қаулысы бойынша елiмiздiң iшкi нарығына шығарылатын ет осындай арнайы орындарда сойылуы тиiс, деп хабарлады mtrk.kz.

Соңғы жаңалықтар