«Бесоба» ТК-де үйдің опырылып құлау фактісі бойынша шенеуніктердің үстінен қылмыстық іс қозғалады

ҚАРАҒАНДЫ. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Бесоба» тұрғын үй кешеніндегі опырылып құлаған үйді салу барысында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асырған лауазымды тұлғаларға қатысты қымыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.
None
None

Бұл туралы бүгін брифингте Қарағанды облысы прокуратурасы арнайы прокурорлар басқармасының бастығы Мұхамедкәрім Бектұрсынов мәлім етті.

«Айта кетейін, кінәлілер деп танылғандардың саны арта түсуде. Осыған байланысты бірінші қылмыстық істің аясында тағы екі істі қозғау туралы шешім қабылданды. Бір іс - үйдің құрылысын жүргізушілерге, екіншісі жобалаушыларға қатысты. Қазіргі уақытта мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырған лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде», - деді М. Бектұрсынов.

Бір айдан астам уақытта тексеру тобы кең ауқымды жұмыс атқарды, деп атап өтті арнайы прокурор.

Тергеу 64 пәтер иесін зардап шекті деп таныды. Қазіргі уақытта бірінші қылмыстық іс бойынша 4 адам күдікті ретінде қарастырылуда, құрылыстың барлық жобалау кезеңіне, мемлекеттік қабылдауға қатысы бар барлық қылмыстық істер бойынша 20-25 адам жауапқа тартылуда.

Соңғы жаңалықтар