Бестөбеде 4 адам құрамында алтыны бар кварц рудасын ұрламақ болған - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бестөбе кентінде кварц рудасын ұрламақ болған 4 адам ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Полицейлердің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 10 наурызында түнгі уақыт 23:00-дерде Степногорск қалалық ІІБ криминалды полиция қызметкерлері Бестөбе кентіндегі шахталардың бірінің аумағына заңсыз кірген 4 адам ұстады. Тексеріс барысында күдіктілерден 15 келі кварц рудасы тәркіленді.

«Күдіктілердің бірі Павлодар қаласының 54 жастағы тұрғыны болса, екіншісі 47 жастағы -астаналық, қалған екеуі 48 және 49 жастағы жергілікті тұрғындар.

Қазіргі кезде күдіктілердің үстінен ҚР ҚК 334 бабының 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп көрсетілген хабарламада.

Еске сала кетейік, өткен жылы Бестөбе кентіндегі шахталардың аумағынан 800-ден астам заңсыз алтын рудаларын ұрлаушылар ұсталып, 7 тоннадан астам құрамында алтыны бар кварц рудасы тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар