«Беташар» фильмі Италиядағы фестивальге ұсынылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның Палермо қаласында әлемдегі ең ежелгі спорттық кинофестиваль өзінің ресми  сайтында «Paladino D'Oro 2017» байқауына ұсынылған фильмдердің тізімін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Желтоқсанның 11-16-сы күндері Италияда өтетін 38-ші Халықаралық спорттық кино фестивальге ұсынылған 51 фильмнің арасында Қазақстанның тумасы, тележурналист Сергей Александровтың туындысы да бар.  Ол фестивальге «Беташар» деп аталатын ресейлік-қазақстандық  фильмді әлеуметтік кино сыйлығы аталымына ұсынып отыр. 55 минуттық  фильмде қазақтың келін түсіру салт-дәстүрі кеңінен ашып көрсетілген.

Айта кетерлігі, «Paladino D'Oro 2017» байқауының жеңімпаздарын анықтауға кез келген елдің азаматы қатысы алады. Ол үшін байқауға ұсынылған фильмдердің трейлерін көріп, YouTube мен Facebook-тегі ресми парақшадан өзіңе барынша ұнаған туындығы дауыс беруіңіз қажет. Жеңімпаз фильм трейлерінің көрілім саны мен басылған лайк санымен айқындалады.

Соңғы жаңалықтар