Бетіне газ баллонын шашып ақша толы сөмкесін алып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Ресей астанасы Мәскеуде белгісіз біреу өтіп бара жатқан адамның бетіне газ баллонын шашып 1 млн рубль ақшасын тартып алып кеткен. 
None
None

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Мәскеудің солтүстігінде белгісіз адам, жол бойында кетіп бара жатқан жүргіншінің бетіне газ баллонын шашып, ақша толы сөмкесін қолынан жұлып әкеткен.

«Оқиға Академик Комаров көшесінің бойында тіркелді. Ұрланған сөмкеде 1 млн рубль көлемінде ақша болғаны айтылады. Қылмыскер іздестіріліп жатыр», деп хабарлайды жергілікті тәртіп сақшылары.

Соңғы жаңалықтар