«Бэтманның» премьерасында 12 адам өлді

АСТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат - АҚШ-та «Қара рыцарь: Аңыздың оралуы» атты қаһарман Бэтмен туралы фильмнің премьерасында 12 адам атып өлтірілді, деп хабарлады Утро. ру.

«Бэтманның» премьерасында 12 адам өлді

Оқиға Аврора қаласындағы (Колорадо штаты, Денвер шет аймағы) «Century Aurora 16 Movie Theater» кинотеатрында болды. Sky News -тің таратқан мәліметтеріне қарағанда, 30-дан 40 адамға дейін жарақат алды.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, кинолентаны көрсету кезінде жарылыс болды. Куәгерлердің айтуларынша, кино көрсетілім кезінде залға бір адам кіріп келіп, граната лақтырып, оқ жаудырған. 

Қазіргі уақытта төтенше оқиға орын алған жерге шамамен ондаған полиция көлігі мен дәрігерлер шығып, қажетті көмек көрсетуде. Сауда орталығында болған барлық адамдар қауіпсіз аймаққа көшірілді. Оқиғаның анық-қанығы анықталу үстінде.