Бетперде киген жігіт Отырарда ломбардқа қарақшылық шабуыл жасады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Отырар полиция бөліміне жергілікті ломбардтардың біріне қарақшылық тонау жасалғаны туралы қоңырау шалынды, деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Бетперде киген  жігіт Отырарда ломбардқа қарақшылық шабуыл жасады

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер бетіп бүркеп алған белгісіз біреудің ломбард қызметкерін қорқытып, ақша талап еткенін анықтады. Бірақ, ақшаны ала алмаған қаскүнем көлікке мініп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Облыстық полиция департаментінің кезекшілік бөлімінің бүкіл жеке құрамы күдіктілерді іздеуге дереу кірісіп кеткен. Қылмысты ашу мақсатымен тәжірибелі полицейлерден құрылған арнайы тергеу-жедел тобы құрылды.

Жедел-іздеу шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні Түркістан қаласына кіретін жолда ұстады. Ол Шымкент қаласының жас тұрғыны болып шықты. Көліктің ішінде күдіктімен бірге сыбайласы, бойжеткен отырған. Оның қылмысқа қатысы бар-жоғы сот алдындағы тергеу амалдарының барысында анықталатын болады.

Қазіргі кезде күдікті қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы: 188 («Ұрлық») және 192 («Қарақшылық») бойынша сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде.