Бейбарыс Ерсейіт екі алтын медаль жеңіп алып, Азия рекордын жаңартты
АСТАНА. KAZINFORM – Ташкентте (Өзбекстан) ауыр атлетикадан Азия чемпионатының екінші жарыс күні өтіп жатыр. Қазақстандық ауыр атлет Ерсеит Бейбарыс 65 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде өз өнерін сәтті аяқтады. Бұл туралы ҚР Ауыр атлетика федерациясы хабарлады.
Спортшы жұлқа көтеру және қос сайыс қорытындысы бойынша екі алтын медаль жеңіп алып, жұлқа көтеру және қос сайыс қорытындысы бойынша екі Азия рекордын жаңартты.
Ерсеит Бейбарыстың нәтижесі:
Жұлқа көтеру - 129 кг
Серпе көтеру - 152 кг
Қос сайыс қорытындысы - 281 кг
Сенімді өнер көрсеткен Ерсеит Бейбарыс Азияның ең мықты атлеті атанып, өз салмақ дәрежесінде басқа елдердің спортшыларына мүмкіндік бермеді және құрлықтың ауыр атлетика тарихына өз есімін жазды.
Осылайша Ерсейіт Бейбарыс жарқын өнер көрсетіп, екі алтын медаль жеңіп алды және тарихи нәтиже көрсетті.