Бейбарыс Қабылан Қазақстан чемпионы атағын тағы да жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM — Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында таеквондодан (WT) ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының 2-жарыс күні мәресіне жетті, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін спортшылар 6 салмақта кім мықтыны анықтады. Бұл қатарда ерлер арасындағы -68 және -74 кг, ал әйелдер арасындағы -46 кг салмақтағы бәсеке жанкүйерлердің басты назарында болды. Назарыңызға бүгінгі жүлдегерлерді ұсынамыз:
-68 кг:
🥇Самирхон Абабакиров (Шымкент қаласы)
🥈Дамир Шуленов (Алматы қаласы)
🥉Нұрбек Ғазез (Алматы қаласы)
🥉Орынбек Сұлтанбек (Алматы қаласы)
-74 кг:
🥇Эльдар Бірімбай (Маңғыстау облысы)
🥈Мақсат Орынбасар (Түркістан облысы)
🥉Әнуар Мұхамедкәрімов (Астана қаласы)
🥉Бекасыл Ергеш (Жамбыл облысы)
+87 кг:
🥇Бейбарыс Қабылан (Алматы облысы)
🥈Бекарыс Нұрғазы (Алматы қаласы)
🥉Орынбек Жандос (Қызылорда облысы)
🥉Бауыржан Хасенов (Алматы облысы)
-46 кг:
🥇Рита Бакишева (Алматы қаласы)
🥈Айдана Құмартаева (Алматы қаласы)
🥉Құралай Жамалбекова (Шымкент қаласы)
🥉Жанель Сұлтанғалиева (Алматы қаласы)
-62 кг:
🥇Айша Әділбекқызы (Қызылорда облысы)
🥈Ақерке Байменова (Маңғыстау облысы)
🥉Нұрай Қазнабек (Астана қаласы)
🥉Аяулым Асқар (Ақмола қаласы)
-67 кг:
🥇Аида Таукенова (Астана қаласы)
🥈Аружан Найманбаева (Алматы қаласы)
🥉Бексұлу Көлбаева (Ақтөбе облысы)
🥉Нұрай Хусайнова (Атырау облысы)
Енді ертең шешуші жарыс күні қалған 5 салмақта бәсеке өтеді.
Бұған дейін қазақстандық пара таеквондошылар Париждегі Гран-при турнирінде екі медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.