«Бейбарыс» ХК Қазақстан біріншілігінде жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атыраулық «Бейбарыс» ХК Қазақстан біріншілігінде жеңіске жетіп, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.
«Бейбарыс» хоккей клубы Қазақстан біріншілігі тарихында үшінші рет жеңімпаз атанды. Соңғы ойында атыраулық «Бейбарыс» көкшетаулық «Арлан» құрамасымен кездесіп, 3:1 есебімен ұтты.