Бейбіт Атамқұлов әлеуметтік нысандарда 1 шаршы метр құрылыстың шекті құнын белгілеуді ұсынды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік нысандарда 1 шаршы метр құрылыстың шекті құнын белгілеу керек. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Министрлік жобалаудың бастапқы кезеңінде болжамды құнын есептеу үшін «Онлайн-калькулятор» жүйесін іске қосты. Статистикалық деректер негізінде сметалық бағаларды қалыптастыру бойынша «КДС-Стат» ақпараттық жүйесі енгізілді», - деді ол.
Министрдің атап өтуінше, жобалық шешімдерді көп мәрте қолдану және біркелкі қабылдау үшін «Жобалық сметалық құжаттаманың бірыңғай электрондық банкі» құрылды.
«Мемлекеттік қаражат есебінен салынатын әлеуметтік нысандарда 1 шаршы метр құрылыстың шекті құнын белгілеу ұсынылады», - деді Бейбіт Атамқұлов.