Бейбіт Атамқұлов Иордания королімен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иорданияға сапары барысында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловты Иордания Королі Абдолла ІІ қабылдады, деп хабарлады ведомоствоның баспасөз қызметі.
Корольдің қабылдауы кезінде әскери-техникалық мәселелер бойынша ынтымақтастық ету, киберқорғаныс және ғарыш салалары төңірегінде өзара қарым-қатынас орнату талқыланды.
Әңгімелесу қорытындысында тараптар екіжақты әріптестікті арттыру серпіні оң екенін атап өтті және оны ары қарай нығайта түсуге ниет білдірді.
Қазақстандық өкілдер иорданиялықтарды ағымдағы жылдың 23-26 мамыры аралығында Астана қаласында өтетін «KADEX - 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық V Халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды.