Бейбіт Назаров АҚШ-тағы жеңісін Тәуелсіздік мерекесіне арнады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық ММА спорт шебері Бейбит Назаров бүгін АҚШ-тың Флорида штатында өткен TitanFC 47 турнирінде америкалық Демаркес Джексонға қарсы жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Аллаға шүкір, жеңіс құтты болсын Қазақ елі, бұл жеңісімді Тәуелсіздік күніне арнаймын! Тəуелсіздігіміз тұғырлы еліміз еңселі болсын!», деп жазды Бейбіт Назаров Инстаграмдағы парақшасында.
Айта кетейік, отандасымыз бұған дейін 18 қараша күні TitanFC 46 турнирінде өнер көрсетіп, жеңіске жеткен еді.