Бейбіт Назаров аралас жекпе-жектен халықаралық KUNLUN FIGHT 2 CAGE SERIES турнирінің жеңімпазы атанды

Жекпе-жек аса тартысты өтті. Бірінші раундта Бейбіт қарсыласын ұрып құлатып, соққының астына алып еді, бірақ бұл нәтиже бермеді. Үшінші раундта тік тұрып айқасу барысында қарсыласын баспен соғуына байланысты Бейбіттен бір ұпай алынып тасталды. Жекпе-жек аяқталған соң, төрешілер ақылдаса келе экстра раунд жариялады. Кездесу нәтижесі бойынша Бейбіт Назаров ұпай санымен жеңіске жетті. Сөйтіп, қытайлық KUNLUN FIGHT федерациясының нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атанды. Бұған дейінгі өткен тағы бір негізгі жекпе-жек 57 келі салмақ дәрежесінде Қазыбек Әшімов пен оңтүстіккореялық Ёонг Вон Сок арасында өтті. Жерлесіміз бірінші раундта қарсыласының мойнына қылғындыру әдісін қолданып, жеңіске жетті. Сөйтіп, қытайлық KUNLUN FIGHT федерациясының нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атанды.