Бейбіт Назаров Мартин Браунмен жекпе-жек өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ережесіз жекпе-жек шебері Бейбіт Назаров Мартин Браунмен қарымта жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бейбіт Назаровқа ережесіз жекпе-жек алаңындағы былтырғы жеңілістің есесін қайтару мүмкіндігі туып тұр. Бұл туралы оның Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланды.

Жазбадағы мәлімет бойынша, жекпе-жек 23 тамыз күні Маями қаласында өтеді. Бұл кездесу TITAN FC 56 турнирінің басты айқасы болмақ.

Бейбіт Назаров дәл осы спортшымен өткен жылдың желтоқсан айында жолығып, Мартин Браун жеңіске жеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар