17:00, 31 Тамыз 2014 | GMT +5
Бейбіт шешімге келу туралы Порошенкомен арада келісім бар - В.Путин
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Владимир Путин мен Украина басшысы Петр Порошенко Украинадағы жағдайды келіссөздер арқылы бейбіт жолмен шешуге және билікті күшпен басып алу сияқты қателіктердің қайталанбайтынына келісті. Бұл туралы В.Путин «Бірінші арнадағы» «Жексенбілік уақыт» хабарында берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлады «Жаңалықтар» РАА.

«Меніңше, бұл барлығымыз үшін сабақ болды. Бұл қасіретті тезірек бейбіт және келіссөздер арқылы аяқтау үшін біз Петр Алексеевичпен келістік. Сонымен қатар, ешкім де, ешқашан да мұндай қателікті қайталамау керектігін сөз еттік, өйткені қазір Украинада болып жатқан жағдайдың барлығы билікті қарулы күшпен басып алудан басталған», - деді В.Путин.