Бейбіт Шүменов 28 мамырда Влодарчикпен кездесуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBC нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Кшиштоф Влодарчик мамыр айының соңында шаршы алаңға оралуы тиіс. Боксшы келесі кездесуін ағымдағы жылы 28 мамырда өткізеді деп күтілуде, деп хабарлады Championat.com.
Ақпарат әзірге ресми расталған жоқ. Влодарчиктің қарсыласы кім болатыны да белгісіз. Алайда Кшиштоф WBA нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменовпен кездесуі мүмкін.
Влодарчик әлем чемпионы атану үшін қолынан келгенін жасайтынын айтты.