Бейбіт Шүменов Бернард Хопкинстен «асып түсті»

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақта суперчемпион қазақстандық Бейбіт Шүменов пен осы салмақта IBF чемпионы америкалық Бернард Хопкинс жекпе-жек алдында салмақ өлшеуінен өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
None
None

Салмақ өлшеу нәтижесі бойынша қазақстандық боксшы 79.11 келі шықса, Бернард Хопкинс 78.2 келі салмақты көрсетті. Өздеріңіз байқағандай, Бейбіттің салмағы қарсыласының салмағынан асып түсті.

Қос боксшы Вашингтондағы DC Armory аренасында сынға түседі. Бұл жекпе-жекті Астана уақыты бойынша 20 сәуірде 03:00-де «KazSport» арнасы трансляциялайды.

Соңғы жаңалықтар