17:55, 14 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақ дәрежесіндегі рейтингте 22-орынға көтерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов BoxRec.com сайтының нұсқасы бойынша крузервейт рейтингінде 22-орынға көтерілді. Бұл туралы sports.kz хабарлады.
Америкалық кіші Бобби Томаспен шыққан жекпе-жектен кейін Шүменов 184 ұпаймен 22-орынға ілікті. Атап өту керек, оның қазіргі қарсыласы бұл тізімде небары 161-орында.