Бейбіт Шүменов Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

         АЛМАТЫ. Шілденің 21-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандық  кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов тамыздың 15-і күні Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы  Габриэль Кампильомен жекпе-жек өткізеді,

Бейбіт Шүменов Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Жекпе-жекті ұйымдастырып жатқан Шүменовтердің  «KZ Event Productions ins»  компаниясы  оның Қазақстанның қай қаласында өткізетіні әзірге нақтылаған жоқ. 79,4 килә салмақта бақ сынайтын Г. Кампильо бұл атақты  маусымның 20-сы күні Аргентинаның Санта-Фе қаласында жеңіп алған болатын.   Онда аргентиналық Әлем чемпионы Уго Гарай испандық қарсыласына  ұпай санымен ұтылды.  Кәсіпқой бокс рингінде оған дейін  32 кездесу өткізген (17-сі нокаутпен) Уго  3 жекпе-жекте ғана  жеңіліс тапқан боксшы болатын.

         1978 жылы ақпанның 9-ында Испанияның Мадрид қаласында дүниеге келген Габриэль Кампильо кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2002 жылы ақпанның 9-ында өткізген болатын. Кәсіпқой бокс рингінде «Әсемпаз»  деген бүркеншік атпен бақ сынаған солақай  боксшы  18 рет сайысқа түсіп ( алтауын нокаутпен аяқтады), екеуінде ғана  жеңілістің ащы дәмін татты.   Мамыр айындағы  көрсеткіш бойынша WBA рейтингінде 15-ші,  EBU рейтингінде  5-шi сатыда тұр. Бұл  WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы жаңа  Әлем чемпионының   өз атағын  алғаш рет қорғауы болмақ. Ал Әлем чемпиондығынан үміткер Бейбіт Шүменов бұған дейін 8 кездесу өткізіп (алтауы нокаутпен) оның бәрінде мерейі үстем болған боксшы. WBO рейтингінде 9-шы,  WBA  рейтингінде 8-ші,  WBC  рейтингінде  16-шы сатыда тұрған Бейбіт бұған дейін WBO  Asia Pacific, WBC Asian Boxing Council және  РАВА чемпионы атақтарына қол жеткізді.