Бейбіт Шүменов IBO рейтингінде ТОП-10 қатарына енді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс ұйымы (IBO) наурыздағы жағдай бойынша барлық салмақ санатындағы әлем боксшыларының рейтингін жариялады, деп жазды Sports.kz.

Жеңіл салмақтағы жерлесіміз (53,5 келіге дейін) Жанат Жақиянов 50-ші орынға сырғып, үш саты төмендеді, бірінші ауыр салмақ санатында (90,7 келіге дейін) Бейбіт Шүменов 11-шіден 8-ші орынға көтерілді. Ал Иса Ақбербаев 35-ші орнын сақтап қалды.

Бірінші орта санаттағы боксшы (69,8 келіге дейін) Қанат Ислам ТОП-жүздікке ілікпей қалды.

Соңғы жаңалықтар