Бейбіт Шүменов IBO рейтингінің үздік ондығынан шығып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - IBO нұсқасы бойынша боксшылардың жаңартылған рейтингі шықты, деп хабарлады Sports.kz.

Бейбіт Шүменов IBO рейтингінің үздік ондығынан шығып қалды

Қазақстандық боксшылардың орындары өзгерді.

Жеңіл салмақ дәрежесіндегі боксшы (53,5 килограммға дейін) Жанат Жақиянов 40-шы орында қалды.

Қанат Ислам бірінші орта салмақ (69,8 келіге дейін) дәрежесінде рейтингтегі орнын жақсартып, 88-орыннан 81-орынға көтерілді.

Бірінші ауыр салмақта (90,7 келіге дейін) Бейбіт Шүменов бір сатыға төмендеп, 11-ші орынға түсті, ал Иса Ақбербаев өзгеріссіз 33-орында қалды.