Бейбіт Шүменов: Кіммен болса да жекпе-жекке шығуға дайынмын
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы, WBA нұсқасы бойынша «тұрақты» чемпион Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) кез-келген боксшымен айқасқа түсуге дайын. Ол бұл туралы өзінің Инстаграмдағы парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жаттығу жұмыстарымның қорытынды бөлігі. Екі жігітпен ойдағыдай спарринг өткіздім. Деңгейім күн санап жақсарып келеді. Кез келген уақытта, кіммен болса да жекпе-жекке шығуға дайынмын. Шектеу қоймаймын», - деп жазды Шүменов.
Finishing part of the training after great sparring session at the boxing gym and one more workout to go. NO LIMITS!
Шүменовтің кезекті жекпе-жегі Майамиде 2017 жылдың 11 ақпанына белгіленіп отыр. Оның қарсыласы - WBA нұсқасының «уақытша» чемпионы, кубалық боксшы Юниер Дортикос (21-0, 20 КО).
Еске сала кетейік, бұның алдында Шүменов ресейлік боксшы, WBA (Super) чемпионы Денис Лебедевті (29-2, 22 КО) жекпе-жекке шақырған. Алайда ресейлік боксшы бұған құлақ аспағандықтан, қазақстандық боксшы Дортикоспен кездесу ұйымдастыруға құлықты екенін жеткізген.
Өз кезегінде, Лебедев 3 желтоқсан күні, ресейлік Мұрат Гассиевпен өткізген жұдырықтасуда жеңіліс тауып, IBF титулынан айырылды.